Жол тәртібі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мақсаты: 1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері
жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі "Жол тәртібін жадыңда ұста" жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол журу ережесін білмей тұрып.
жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!
жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады гой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Жиынымыз басталсын сәлемменен.
жүргізуші: Бүгін бізге қонаққа жол полициясынан ағай келіп отыр, сөз кезегін берейік.
жүргізуші: Бүгін сіз бізге жолда жүру ережесі жайында көп мағлұмат бердіңіз. Сізге көп рахмет айтамыз!
жүргізуші: Енді сөз кезегін оқушыларға берейік
Iтоп. "Бағдаршам"
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.
IIтоп. "Жол белгілері"
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
IIIтоп. "Жүргізуші"
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!
IVтоп. "Қиылыстар"
Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен. Хор: "Бағдаршам".
I топ. "Бағдаршам"
(Бағдаршамның шығу тарихы жәйлы баяндайды. )

1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: