Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

2 - жүргізуші-Феруза: (Өлкеміздің дамуына көп үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің еңбектері) Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың "Жақсысын ұлықтамау, жайсаңын қызықтамау - өз ырысын өзі тепкендік, өз тілеуін өзі кескендік", -- деген тамаша сөзі бар. Расында да, елге еңбегі сіңіп, жақсы атымен, игілікті ісімен ел есінде жүрген арыстай азаматтар бар. Біз солардың еңбектерін біліп жүріңіздер деген мақсатта төмендегідей тапсырмаларды беруді жөн көрдік.
Бірінші топ.
Ол -- көрнекті ақын, қаламы жүйрік жазушы, публицист, драматург, этнограф. Мамандығы бойынша құрылысшы болумен бірге, атадан қалған өнер дарыған, ата-баба рухына арналған ескерткіштер тұрғызып, атағы дүйім жұртқа танылған. Абай-Шәкәрім мұнараларын, "Домалақ ана", "Хан ордалы Сарайшық"кесенелерін, Абыл ақын, Досан батыр, Омархан-Нұржамал күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай сағаналарын салып, елдің мәдени мұрасын дамыта түскен айтулы сәулетші. Ол кім? (Жауабы: Сайын Назарбекұлы)


Екінші топ.
Ол - 1973 жылы Маңғыстау облысы, оның құрамында Бейнеу ауданы құрылған кезде Бейнеу аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1978-1990 жылдары Бейнеу аудандық партия комитетінің І хатшысы қызметін атқарды. 1994 жылы облыс әкімінің кеңесшісі болып еңбек етті. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. "Жас коммунистер тәрбиесі", "Маңғыстау - маңғаз мекенім", "Өркенді өлке, өнегелі өмір", "Тұлғалар тағылымы", "Айгүлім менің. . . " атты еңбектердің авторы. Тұщықұдық ауылы, Бейнеу ауданы, Ақтау, Даллас (АҚШ) қалаларының құрметті азаматы атағын иеленген. Ол кім?
(Жауабы: Дүйсенбі Әріпов)
Үшінші топ.
Ол - "Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары" ,"Есен-қазақ" ,"Гиперборея: түс кө

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: