Жұлдызқұрт

Страницы: <<  <  1 | 2

ім/оснавная часть:
-Балалар айтыңдаршы жұлдызқұртты неден жасауға болады?
Дұрыс айтасыңдар, ермексаздан.
-Жұлдызқұрттың денесі қандай пішінге ұқсайды?
Билингвалдық компонент: жұлдызқұрт - гусеница
Жасалу жолдарын түсіндіру:
- Балалар ермексазды алақанның арасына салып жұмсартамыз.
- Ермексазды екіге бөлеміз. Ермексаздың бөлінген бөлігін алып тағы да екіге бөлеміз. Бұл бөлшектерден домалатып дөңгелек жасаймыз. Жұп - жұмыр болғанша дейін домалатамыз. Ең үлкен дөңгелекті таңдап алып, бұл басы. Ортаншысы денесі, ал ең кішкентайы құйрығы.
- Жұлдызқұртта неше көз?
- Мұртын салайық, тікендерін салайық, аяқтарын саламыз.
Жұмыстың алдында саусақтарымызды жаттықтырайық.
Саусақ жаттығуы:
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан
Саусақтарым әйбат
Былай - былай ойнат.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: - Самрат сенің жұлдызқұртың қандай түсті?
- Айя ал, сенің жұлдызқұртың қандай түсті?
- Ал сендерге ұнады ма жұлдызқұрт?
-Балалар мүсінді жасап отырып, әр бөлікке қолданған ермексаздың түсін айтып отырады.
Балалар енді жасаған жұлдызқұрттарымызды қорапшаға салайық.
Балалар қараңдаршы жұлдызқұрт өте көңілді, ол сендерге рахмет айтып жатыр.
Ойын: "Жұлдызқұрт"
Шарты: Балалар жұлдызқұрт сияқты бірінің артына бірі тұрып, ирелеңдеп жүреді. Кім дұрыс орындамаса, сол шығып отырады.
3. Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар бүгін мүсіндеу іс-әрекетінде не жасап үйрендік?
-Оны неден жасадық?
-Көңіл күйлерің қалай?
-Жұмыстарын көріп бағалау, салыстыру, мақтау мадақтау.





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: