ім мен өнер жарысып,
Жүйріктің бағы жанар ма - деп, "Білгенге маржан" бөлімін бастайық. Бұл кезеңде, түрлі тақырып бойынша мақал-мәтел айтатын болады. әр бір мақалға бир жұлдызды ұпайдан беретін боламын.
Жүргізуші: Балаларымыз мақал-мәтел айту арқылы өз білімдерін көрсетті, жарайсыңдар балалар.
Білімдерін білдіріп
Өнерлерін көрсетіп
Мейірімді балалар
Ертегіні құрастырып
Көрсетеді сендерге
- деп "Қызықты мозайка" кезеңін бастаймыз. Бұл бөлім бойынша ертегі суреті берілген, 8 - бөліктен құралған қйынды ертегіні құрастырамыз, кім бірінші құрастырса сол жұлдызды ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ.
Жарысқа түсіп қалайда, - деп байқауымыздың 3 - бөлімі: "Қай ертегі ойлан тап" -сайысына да жеттік. Слайдта ертегі суреттері беріледі, қай ертегі екенін тауып атын атау керек.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Міне "Жұлдызды сәт" байқауымыздың "Тапқырлар сайысынада" жеттік. Слайтта ұяшықтар беріледі, балалар сурет арқылы сол ұяшықтардан біреуін таңдайды, таңдаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру керек. Әр ұяшықта 3 сұрақтан болады, неше сұраққа жауап берсе сонша жұлдызды ұпайға ие болады. Балақайларымыз дайын болса кезеңімізді бастайық.
-Жарайсыңдар балалар! Біз нақты жауаптар алдық деп ойлаймыз.
Жүргізуші: Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - Тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт - деп, "Логикалық тапсырмаларға" кезек береміз. Әр балаға 1 логикалық сұрақтар қойылады, балалардың дұрыс жауап берілгенге жұлдызша ұпай қойылады.
-Жарайсыңдар балалар міне, "Жұлдызды сәт" байқауымыз да өз мә
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>