Жұлдызды сәт

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жұлдызды сәт
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме қонақтар, ұжымдастар, бүгінгі балабақшамызда балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, ерекше балаларды шыңдап, туған жерге деген патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған "Жұлдызды сәт" байқауына қош келдіңіздер!
Байқауға балабақшамыздың ересек және мектеп алды даярлық тобының тәрбиеленушілері қатысқалы отыр. Олай болса сайысқа қатысушыларымызды қарсы алайық.
8 "Балауса" ересек тобының тәрбиеленушісі Елубай Нұрасыл.
9 "Жас дәурен" ересек тобының тәрбиеленушісі Авидулла Аяулым.
11 "Ертөстік" ересек тобының тәрбиеленушісі Аман Сабина.
12 "Назерке" ересек тобының тәрбиеленушісі Абдрасул Ясин.
13 "Ақбота" ересек тобының тәрбиеленушісі Баспай Мирас.
14 "Ақбөбек" МАД тобының тәрбиеленушісі Сүйрейбаева Ұлданай.
Жүргізуші: Ал қанекей, келіңдер,
Бір - біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер, - дей келе қатысушыларға сәт сапар тілейміз. Балақайлар біздің сайысымыз түрлі қызықты тапсырмалардан тұрады. Сол тапсырмалар барысын мұқият бақылап әділ бағасын беретін әділ қазы алқасымен таныс болайық.
Балабақша әдіскері: Умирбаева А. С.
Өзін-өзі тану пән жетекшісі: Сарыева Ж. А.
Балалабақша психологы: Қортабаева Н. Ж.
Жүргізуші: Ендеше сайысымыздың кезеңдермен таныс болайық.
Сайыс 5 - бөлімнен тұрады:
1-бөлім: "Білгенге маржан"
2-бөлім: "Қызықты мозайка"
3-бөлім: "Қай ертегі, ойлан тап"
4-бөлім: "Тапқырлар сайысы"
5-бөлім: "Логикалық тапсырма"
Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырам.
Ал енді балалар, дайын болса:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Біл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: