ы 1- желтоқсан)
3. Қажыл қай жыл? (Жылан)
4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)
5. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
6. Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)
7. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)
8. 6-шілде қандай мереке? (Астана күні)
9. 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)
10. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
ІІ бөлім: Тіл - өнер
Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.
І топқа:
1. Ең тәтті де тіл,. . . (ең ащы да тіл)
2. Оқу- білім бұлағы, . . . (білім- өмір шырағы)
3. Өнер алды. . . (қызыл тіл)
4. Ашу-дұшпан, . . . (ақыл-дос)
5. Тіл қылыштан . . . (да өткір)
6. Отан . . . (оттан да ыстық)
ІІ топқа:
1. Шебердің қолы ортақ,. . . (шешеннің тілі ортақ)
2. Отансыз адам- . . . (ормансыз бұлбұл)
3. Ер жігіт елі үшін туады, . . . ( елі үшін өледі)
4. Мектеп- кеме, . . . (білім-теңіз)
5. Жақсы жолдас жанға серңк, . . . (жаман жолдас малға серік)
6. Қыз елдің көркі,. . . (гүл жердің көркі)
ІІІ. Бәрін білгім келеді
Бұл бөлімде екі ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. Ұяшықты таңдау екі топтың өз еркінде. Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
4 пәннен 4 сұрақтан, барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде.
Қазақ тілі
10. Мәтін дегеніміз не?
20. Тіл сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?
30. Келбет сөзінің синонимін тап.
40. Көнерген сөздер дегеніміз не?
Әдебиет
10. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері.
20. "Өгіз бен бақа" мысалының авторы кім?
30. "Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен"
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>