0/2015
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Мәтіннің түрлерімен таныстыру, сол арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір-бірінен ажыратып, оны таба, құра білуге машықтандыру. ә) Тазалық, ұқыптылық, білімге деген құмарлық, бір-біріне деген достық, қамқорлық қасиеттеріне, табиғатты аялауға баулу. б) Сөздік қорын молайтып, ауызекі, жазба тілін, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, ойын
Көрнекілік: сөйлемдер жазылған қима қағаздар, күнбағыс
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:143-жаттығу
ІІІ. Жаңа сабақ: 1/ Өткен сабақты еске түсіріп, бүгінгі тақырыппен байланыстыру мақсатында "Құрастыр"дидактикалық ойынын өткізу.
1. Жұмбақ шешу: Қалпағы бар дөңгелек,Сары гүлмен қоршалған.
Қарай қарай күнге ерек, Мойны талып шаршаған. Күнбағыс.
Балалар, күнбағыс туралы не білеміз? Күнбағыс- шөптекті өсімдік, оның әдемі сары гүлдері, ортасында қара дәндері, жап жасыл сабағы мен жапырағы болады. Оның дәндері өте пайдалы. Одан түрлі тағамдар мен май алынады. Ол үнемі күнді бағып тұратын гүл. Сондықтан да оны күнбағыс деп атаған.
Ендеше, осы әдемі гүлді құрастыру үшін күнбағыстың мына мүшелерінің артындағы сұрақтарға жауап берейік. (Балалар күнбағыс мүшелерін таңдап, тақтаға шығып жауап беріп, күнбағыс гүлін құрастырады. слайдта сұрақтар көрініп тұрады)1. Мәтін дегеніміз не?2. Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? 3. Мәтіннің қандай бөліктері болады?4. Мәтіннің бөліктері қалай жазылады? 1. Қандай әдемі күнбағыс гүлін құрастырдық, бұл гүл алдағы жаттығуды орындау барысында қажет болады. 2/ Мына қима қағаздағы мәтін бөліктерін дұрыстап ретімен орналастырып, м
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>