Алматы облысы
Қарасай ауданы
"Сандуғаш" балабақшасы
Базарбаева Шынар Ибадуллақызы
"Балдырған" ересек тобы
Вариативтік компонент бойынша Өмір қауіпсіздігін сақтау сабағы
Тақырыбы: Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Мақсаты: Табиғаттың апатты құбылыстарының бірі- жер сілкінісі туралы мағлұматтар беру. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларға үйрету. Сабырлылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар сендер қауіпсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
-Үйде болғанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
-Көшеде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
(Балалардың жауаптары тыңдалады).
-Қауіпсіздік туралы кім тақпақ біледі?
Фатима:
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата - ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.
Нұрай:
Тату өскен баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Нанға кетсе анамыз,
Үйде өзіміз қаламыз.
Дамир:
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
-Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар мен сендерді бүгін кинотеатрға билет алып келдім. Кинотеатрға барғыларың келе ме? Біз жер сілкінісі кезінде не істеу керектігі туралы кино көреміз. (Балаларға билеттерін таратып беру).
-Жүріңдер балалар, кинотеарға барайық, онда кіру үшін билеттеріңді көрсетіңдер. Нөмеріне қарай өз орындарыңды тауып отырыңдар.
Балалар отырады.
Балаларға "Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?" бейне-ролик көрсету.
Кино көріп болған соң, алған әсерлері жайлы сұрау.
-Жер сілкінісі деген не?
-Бұл жердің үстіңгі қабатының дүмпуінен барлық жер сілкінетін табиғат құбылысы.
-Ж
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>