ер сілкінісіне қалай дайындалуға болады?
1. Заттар құламауы керек. Бөлмеде немесе топ бөлмесіндегі заттарды жер сілкінісі кезінде құламау үшін орнықты етіп бекіп қоюды ересектерден өтініп сұра.
2. Қауіпсіз орындар мен сенімді жерледі тап. Бөлмеде де, көшеде де ең қауіпсіз орындарды алдын ала іздеп тап.
3. Жолқапшықты жина. Өз жолқапшығыңа қандай қажетті заттарды саласың?
Қолшам, радио, қосымша батарея, туыстарының телефон номерлері жазылған қойын дәптер, дәрі-дәрмек қобдишасы, сүйікті ойыншығы, бұзылмайтын тамақ, су, ысқырық, құжаттар.
4. Қауіпті орындарға жолама. Жер сілкінісі кезінде не себепті мына жерлерде болуға болмайды:
Терезелер, әйнектердің қасында; люстарлар, суреттер, сағаттар, айналардың жанында; құлап түсуі мүмкін заттардың қасында; баспалдақтардың жанында, балконда; лифтіде; өрт болып жатқан жерде.
5. Өзіңді қорға. Жер сілкінісі кезінде бөлмеде болсаң:
Өзіңе қауіпсіз жерді тауып орналас. Тізерлеп отырып, басыңды қолыңмен жап. Біз заттан қатты ұстап отыруға тырыс. Жер сілкінісі аяқталғанша сол жеден қозалма.
Өзіңді қорға. Егер жер сілкінісі кезінде көшеде болсаң:
Ғимараттардан, электр сымынан алыс жердегі қауіпсіз орынға бар.
Көшедегі қауіпсіз орындар:
Көпірлерден, жер асты жолдарынан; талдардан, бағаналардан, жарнама тақтаарынан, әткешектерден; тар көшелерден алыс болған дұрыс; міндетті түрде тізерлеп отыр, басыңды қолыңмен жауып ұста.
Жер сілкінісінен кейін не істеу керек?
Жер сілкінісінен кейін:
Сабырлылық сақта; үлкендерден көмек сұра; жолқапшығыңды өзіңмен алып, тез және сақтықпен ғимараттан шық; радионы қосып жаңалықтарды тыңда.
Жер сілкінісінен кейін не істеу керек?
Ойлан:
Неліктен сынған әйнектерден, құлап жатқан ғимараттардан, үзіліп тұрған электр сымынан қашу керек?
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>