Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Әжемнің өрнектері.
Мақсаты:
а)түрлі түсті бояуларды пайдаланып текеметті безедіруге үйрету, негізгі түстер туралы білімдерін бекіту;
ә) сурет салуға деген ынта-ықыластарын арттыру;
б)ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік сезімін төрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға бір-бірден текемет үлгілері, қызыл, сары бояулар, қол сүрткіштер, су
Алдын ала орындалатын жүмыс: ұлттық бұйымдарды көріп танысу.
Сөздік жүмыс: текемет.
Іс-әрекет
Кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
- Балалар, Айсұлудың әжесі бізге керемет текемет беріп жіберіпті. Киізден жасалған қазақтың ұлттың үй бұйымы - текеметті көрсетеді. Текеметтер сан түрлі қазақ оюларымен әшекейленуі де
мүмкін екенін, қазақ шеберлерінің сәндік қолданбалы өнердің керемет өрнектерін ұрпақтан-ұрпаққа беріп
келе жатқанын айтады.
- Айсұлу өзінің қуыршақтарына осындай әдемі текеметтің суретін
салып берулеріңді өтінеді.
Балалар педагогтің
текемет жайлы
айтқан қызықты
мәліметтерін
тыңдайды.
- Біз Айсұлудың ойыншықтарына
текеметті түрлі түсті бояуларды пайдаланып өрнектеп берейік.
Сендердің алдарыңда аяқталмаған текеметтің суреті тұр, осы текеметті
қылқаламды сары, қызыл, көк бояуларға батырып бояймыз. Алдымен сары түсі гасындағы шаршыны бояймыз, содан кейін
бояуды қызыл түске алмастырып алып, жоғарыдағы және төмендегі
үшбұрыштарды бояймыз, енді жасыл түспен оң жөне сол жақтағы үшбұрыштарды бояймыз. Шеттерін
көк және қызыл түстермен немесе өздерің таңдаған түстеріңмен бояуларыңа болады. Міне, текеметіміз де дайын болды.
Айсұлу қуыршағына арналған текеметт
Страницы: 1 | 2 > >>