Жемістер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: "Жемістер (алма, алмұрт)"
Мақсаты: Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әр-түрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру. Бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестерді анықтай білу қабілеттерін дамыту.
Балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу; жемістердің пайдасын тусіндіру.
Қолданады: жемістер, жеміс муляждары, "Күз аруы" кейіпкері, бейнеролик.

Іс-әрекет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеттері
Балалардың іс-әрекеттері
Мотивациялық-қозғаушылық
Педагог балалармен шаттық шеңберін жасайды.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді болып жүрейік!
Педагог бейнеролик қолдана отырып балалармен күз мезгілі жайында әңгіме жүргізеді.
-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?
-Суретте не көріп тұрсыңдар, күзде қандай жемістер піседі екен?
-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?
Балалар шаттық шеңберін жасайды.

-Күн суытады. Аспанды бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.
-Күз мезгілі.
-Алма, алмұрт, жүзім.
-Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Осы кезде есік қағылады. Есіктен "Күз аруы" кіреді, қолында толы жеміс толы себеті бар.
-Балалар,қарындаршы,бізгк қонақ келді. Бізге әкелген сыйлығы бар екен.
"Күз аруының" тапсырмасы: балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.
-Мынау қандай жеміс?
-Мынау ше?
-Тағы қандай жемістерді көріп тұрсыңдар?
-Балалар, енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.
-

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: