Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алақанымызға салып жұмсартып, домалақ пішінге келтіреміз.
1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар.
Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасына саламыз.
Пышақпен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз. Жапырақты алманың жасабағына жапсырамыз.
Сергіту сәті:
Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паравозы пойыздың
Қатар қатар тұрайық
Пойызды біз құрайық.
-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексазды алып, алақанымыз ортасына салып ермексазды жұмсартамыз. Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы алмұрттың пішінін келтіреміз. Баспармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай жапсырамыз.
Жасыл түсті ермексазды кішкене бөлігін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақты жасаймыз.
Балалар "Күз аруымен" амандасады
Қонақтың сыйын тамашалайды.
-Алма
-Алмұрт
-Жүзім
Орындарын отырып, жұмыстарына кіріседі. Затқа қарай отырып, алма мен алмұртты мүсіндейді.
Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл жасайды.
Рефлексиялық түзетушілік
"Күз аруы" мен педагог бірге қорытындылайды:
oo балалар жұмысынан көрме;
oo алма, алмұрт туралы сипаттап айту;
oo "Күз аруы" сый таратады.
Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі, түрі, түсі, пішіні туралы айтады. Балалар рахмет айтады. "Күз аруын" ортаға алып, онымен күлімсірей қоштасады.
Жеке жұмыс: Даниярұлы Әділбек, Жетпісбай Елнұрдың ермексазбен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, зейін қоя отырып жұмыс істеуге, бір істі соңына дейін аяқтауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Біледі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>