>Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар
Мұғалім: — Балалар, сендер шынымен де білімді екенсіңдер.
Мұғалім: — Балалар, маған рәміздерді талдап бере аласыңдар ма?
Әділ:- Бұл ту. Тудың түсі көк, ашық аспанды білдіреді.
Айым: - Қыран құс елдің тыныштығын, бірлігін білдіреді.
Ерлан: - Ою – өрнек қазақ халқының өнерінің шеберлігі.
Гүлнар: - Бұл қазақ халқының елтаңбасы: Шаңырақ үйіміздін жарық түсер саңлауы. Масақ — тоқшылық белгісі. Жұлдыз жол сілтеуші жарық белгі.
Мұғалім: — Бәрекелді, балалар, мен сендерге ризамын. Маған енді мына сұраққа жауап беріндерші?
1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
Гүлдана: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д. Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.
2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?
Ерлан: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.
3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды? Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?
Қуат: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>