Желтоқсан- тәуелсіздіктің ұлы рухы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Желтоқсан-тәуелсіздіктің ұлы рухы»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып, «Желтоқсан»қозғалысының саяси орынын анықтау, тарихи дәйектемелерге тоқтала отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз –ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
Мұғалім: Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Осылай деп кім айтқан еді?
Оқушылар: Қаз дауысты Қазбек би
Мүғалім: Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл толды?
Оқушылар жауабы: 22 жыл.
Мұғалім: Жарайсыңдар, ертеде елді билер, хандар, сұлтандар басқарды. Сендер билерді білесіндер ме?
Оқушылар: — Әрине, білеміз! Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Мұғалім: Ал, қазір кім басқарады?
Оқушылар: — Елбасы, Президент
Мұғалім: — Балалар, сендер қандай республикада тұрасыңдар?
Оқушылар: — Қазақстан Республикасында тұрамыз
Мұғалім : — Қазақстан қандай республика?
Оқушылар: — Егеменді, Тәуелсіздік Республикасы
Мұғалім: — Дұрыс балалар, сендер біледі екенсіңдер, ал Қазақстан Республикасын кім басқарады?
Оқушылар: — Елбасы Н. Ә. Назарбаев
Мұғалім: — Тамаша, енді сендерге тағы да сұрақтар қояйын. Қазақстан республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
Оқушылар: бәрі бірге:
Ашық аспандай көгілдір туымыз бар
Мағыналы ән ұранымыз бар
Тұнғыш президентіміз бар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: