Тақырыбы: «Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы»
Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру . Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мелекеттік рәміздер,бүктеме,суреттер, слайд,СD дискі
Барысы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Желтоқсанның ызғары – ай
Кірпікке қатқан мұздар – ай!
Елім – ай деп егілген
Қаһарман ұлдар, қыздар – ай!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық- зомбылық тарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі- Алматыда болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес.
Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған тәуелсіздік, егемендік күніне арналған «Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы» атты ертеңгілігімізді ұсынамыз. Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 29 жыл толып отыр.
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
1986
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>