ку жер шалып» жүріп қорғап қалған, аманат етіп сіздерге қалдырған ұлы жер ғой, ұрпағым!
. . . Бүгінде міне, бақыт таңы, тәуелсіздік таңы атты. Бұл тәуелсіздік-ата-бабаларыңның арман-тілек, төккен қан, аққан көз жастарының, егемен ел болуды сарғая күткен сағыныштарының жауабы!
Айналайын, халқым, менің!
Аз ғана уақыттың ішінде елімді, халқымды шартарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген елімнің енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым. Елім өркениетті замана ағысына қосылды. Халқына жаһанданған дүниені сыйлаған, қазақ ұлтын әлемге танытқан-тұңғыш Елбасың- Н. Ә. Назарбаев.
1-сынып оқушылары әдеби монтаждар
Баймағамбет: «Ата Заң»
Ән: «Қазақтай ел қайда?»
Өзіміз шекаралық жерімізді, ана тілімізді, дінімізді, мемлекеттік нышандарымызды белгілеп, әдеп – ғұрып, мәдениетімізді қайтарып, тұңғыш ел басын сайладық. Барлық мерекенің ішінде құнды да жоғары тұрған – Тәуелсіздіктің қадірін бағалайық. Осындай бейбіт елде ата-ана,бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз.
Біз – ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.
Біз – алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз.
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлттан тұратын біртұтас халықпыз. Ендеше әрдайым бар болайық, бір болайық, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.
«Сен қазақсың» Сабыр Адай
Тәуелсіз еліміздің әрқашан туы биік, тұғыры берік болсын.
Қазақстанның тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын! Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы» атты әдеби музыкалық ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
Страницы: << < 2 | 3 | 4