Желтоқсан жаңғырығы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Тақырыбы: " Желтоқсан жаңғырығы"
Мақсаты: 1. Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту.
2. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздердің суреттері.
Әдіс - тәсілі : көрсету, әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ - жауап.



Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңберін орындау.
Армысыз қайырымды Аспан - ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!

Шаттық шеңберін орындайды.

Армысыз қайырымды Аспан - ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!
Іздену-ұйымдастырушы
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимніміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
"Менің Қазақстаным!"
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.
Сурет көрсету арқылы Тәуелсіз Қазастан туралы мағлұмат беру.
Бүгін Тәуелсіз ел деп Отанымыздың жасампаз болуын, ана тіліміздің киелі болуын, тарихымыздың жүйелі болуын ұлықтаймыз. Біз бүгін тәуелсіз ел деп ұлының ұлағатты, қызының инабатты, халқының салауатты болуына барлық мүмкіндіктерді жолдайтын мемлекетімізді мақтан етеміз. Ендеше, Тәуелсіздік - біздің бас ұранымыз, көгілдір Туымыз - біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.
Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рә

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: