r/> Қазақстан.
Ту, елтаңба,әнұран.
Астана қаласы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Орыс,тәжік,өзбек т. б
1-бала: Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп тұр,
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесі
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.
2-бала: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұңы
Елтанбасы елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
3-бала: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер төккен
Билігін өз қолыңда,
Еркіндігім елдігім
4-бала: Гүл жайнаған Астана,
Қазақстан отаны
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар отаны.
5-бала:
Тәуелсіздік - тұғырым
Азат елдің ұл - қызымын
Өзің бол енді мәңгілік
Қуанышымда - қызығым
6-бала:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Сергіту сәтін орындайды.
Біз кішкентай баламыз
Өсіп - өніп толамыз
Күнге қарап табынып
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Бір отырып, бір тұрып
Жаттығулар жасаймыз.
Рефлексті коррекциялаушы
Сұрақ қою арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылау.
- Мемлекетіміз қалай аталады?
- Дұрыс, Қазақстан.
- Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
- Елордамыз қалай аталады?
- Қазақ елін кім басқарады?
бүгінгі Тәуелсіздікке арналған оқу іс- әрекетіміз аяқталды.
Бәріңізді шын жүректен құтықтаймыз. Сіздерге отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық,Қазақстанымыздың туын желбірететін, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша болуға
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>