Жеңіс күні

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Өткізілу барысы:
1. Кіріспе
2. "Жеңіс күні" Баяндама
3. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
4. Ардагерлермен сұхбат
5. Соғыстан қайтқан солдаттар! (көрініс)
6. Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет. )
7. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)
8. "Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің. . . " (кітап көрмесі)
9. Бейне суреттер "День Победы"
10. Қорытынды
1-Жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
2-Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
1-Жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге ду

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: