шар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
1-Жүргізуші: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
2-Жүргізуші: Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын. Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәлімет алу үшін баяндамашыға сөз берейік.
1-Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1-оқушы: "Майдангерлер"
2-оқушы: "Екеуін де көтерді ол" Ж. Молдағалиев
3-оқушы: "Мен соғысты жек көрем!" (Қ. Жұмағалиев)
4-оқушы: "Соғыс" Қ. Әбдіқадыров
5- оқушы: "Жеңіс күні" Т. Молдағалиев
6-оқушы. "Болмасын соғыс"
7-оқушы: "Сен құрметте оны"
1-Жүргізуші: Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата - бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі - Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.
2-Жүргізуші: Бүгінгі бізге қонаққа келіп отырған ардагер ажелеріміздің өмір деректерімен таныс болыңыздар. Ардагерлерге сұрақ қою.
2-Жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жү
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>