6 сынып.
Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар»
Сабақ тақырыбы: Жеңіс күні. Сан есім.
1. Білімділік: Оқушылардың жеңіс күні жайлы ілімдерін кеңейте отырып, ұлттық құндылықтарымызды тани білуге, сан есімдерді ажырата білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, түрлі тапсырмалар арқылы ойлау, қазақша сөйлеу, таза да, көркем жазу қабілеттерін, сұрақтар құрастыру дағдысын дамыту.
3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, елімізді сүюге, аялауға тәрбиелеу және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: жаңа ұғымды қалыптастыру.
Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап әдісі, жұптық және жеке жұмыс түрлері,баяндау, талдау, сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту стратегиялары ,түртіп алу,жұптасып сурет салу стратегиялары.
Көрнекілігі: сабақ жоспары, интерактивті тақта , суреттер , сауалнама, оқушылардың шығармашылық жұмыстары,сандар, семантикаық карта,АКТ
Пәнаралық байланыс: математика, тарих.
Сабақтың тақырыбы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу.
2. Түгендеу.
3. Сыныпты сабаққа даярлау.
2. Балалар, бүгінгі сабақ көңілді өтуі үшін, бір-бірімізге қарап, сәттілік тілейік.
«Өзіндік таным»Әр қатысушыға карточкалар таратылып беріледі. Ондағы «Мен» деген есімдікке сөз жалғастырып,өзің таныстырады.
3. Жұпқа бөлу. (күрделі және дара сандар бойынша)
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
Ой шақыру стратегия:
1 «Жаңа сабақтың құпиясы» (жаңа сабақты меңгерту)
- Балалар, бүгін желтоқсанның нешінші жұлдызы?
- Сендер неше жастасыңдар?
- Нешінші сыныпта оқисыңдар?
- Сыныпта қанша оқушы бар?
(14,11,6,17)
(Кесте бойынша сабақты түсіндіру)
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Түсіндіру
Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. Қанша? неше
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>