Жазбаша қосу және азайту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту Мақсаттары: Білімділік: Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру. Дамытушылық: Математикалық ұғымдарды меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамыту. Тәрбиелік: Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: "Танымдық ойын" сабақ. Сабақтың өтілу әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын, көрнекілік, "Алтын қақпа" ойын элементтері, тест. Пәнаралық байланыс: ән, ана тілі, дүниетану. Сабақтың көрнекілігі: тапсырма жазылған слайдтар, тест, қақпа есіктері, бағалау түрлері. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Оқушыларды сабаққа бағыттау. - Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Психологиялық дайындық Амансың ба, күн! Амансың ба, дос! Амансың ба, шеңбер әнге қос! Амансың ба, ғасыр! Амансың ба, әлем! Баршаға амандық сәлем! ІІ. Кіріспе Балалар, бүгін біз "Алтын қақпа" танымдық ойынына қатысамыз. "Алтын қақпа" ойынының шартында бірнеше қақпалар берілген. Әр қақпаның тапсырмалары дұрыс орындалған жағдайда қақпадан математикалық керемет нақыл сөздерді оқитын боламыз. Ендеше, "Алтын қақпа" ойынына қош келдіңдер! ІІІ. Жаңа сабақ 1 Ондық бірлік 2 7 2 7 3 6 3 6 6 3 2 Ондық бірлік 6 3 6 3 - 2 7 2 7 3 6 "Мыс қақпа" тапсырмасы 25 62 38 77 36 84 - - - 37 37 39 39 48 36 Тапсырмалар орындалып, "Мыс қақпа" ашылады. Қақпадан нақыл сөз шығады. Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын, Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын. Ғылымдар патшасы боп дараланып, Математика қызықты тоймайтұғын. "Темір қақпа" тапсырмасы Ұзындықтары 5 см, 7 см, 4 см, 6 см кесінділер сыз. Осы кесінділерд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: