Жайықтың ақ шағаласы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

зіргі қазақ поэзиясында қалам тартқан қыздар арасында лирикалық өлеңдер көшін бастаушылардың бірі десек артық айтқандық емес. Ақынның алғашқы тырнақалдысы «Өрімталдан», «Жайық қызы» атты жинағына дейін өзінің туған жері –Ақ Жайық өңірін оның аяулы адамдарын жырламай қалған емес» - деп ақынның қандай қаламгер екендігін осылай жеткізеді.
2-жүргізуші:
Зейнолла Қабдолов бір сөзінде: «Мен Оралды үш қыз арқылы таниды екенмін. Бірі –аңыз болған Қыз Жібек, екіншісі –батыр туған –Мәншүк, үшіншісі –ақындық өзіндік мінезі бар мен білетін Ақұштап».
1-жүргізуші:
Ал, Әбіш Кекілбаев ағамыз: «Ақұштап Бақтыгереева әйелдерді емес, әділдікті жырлайды. Әйелдерді емес, әйелдікті қорғайды. Сол үшін де әйелді әйел етіп тұрған ең басты қасиет нәзіктікті дәріптейді. Оның Отан, туған жер, бауырлары мен балалары жайындағы жүрек тебірентерлік жырлары да сол нәзіктіктің түлектері. Тек нәзік үректер ғана ел мен ердің, заман мен адамдардың қадірқасиетін терең түсіне алады». дейді
2-жүргізуші:
Ақын мінезі әлі толассыз буырқануда. Дүние сырын кім түгел игерген. Сондықтан бір қолымен дүниені, екінші қолымен немерелерді тербетіп, Ақұштап ақын әлі мазасыз мінездерді, мазасыз қанатты өлеңдерді тудыра береріне оқырмандары нық сенді» - дейді ақынға деген інкәр сезіммен: қазақ тілі мен әдебиет факультеті деканы Серікқали Шарабасов.
1-жүргізуші: Ендігі кезекті көрермендерге беріп көрелік. Олар ақын туралы не біледі, және осы кештен не түйді екен?!
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың. Ендеше сіздерге ақын өмірі туралы сұрақтар қоямыз. Жауабын тапқандарға әдемі карточкаларымыз бар.
1.
2.
3.
4.
5.
1-жүргізуші: Осымен ақын Ақұштап апамыздың 70 жылдығына арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман - сау болыңыздар!
Ән: . . . . . . .

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: