Жағымды көңіл-күй қалыптастырайық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жағымды көңіл-күй қалыптастырайық!

Соңғы кезде ата-аналардың көңілдері алаңдаулы. Өйткені ғылым мен техниканың дамыған заманында әлеуметтік желілерден бар байлығымыз,болашағымыз балаларымыздың өміріне қауіп төнуде. Себебі соңғы кезде "В контакте" желісінде суицидті насихаттайтын топтар пайда болды. "Синий кит", "Тихий дом"деген атаулармен шыққан ойындар жасөспірімдердің назарын өзіне тез аударуда. Бұл ойынның "Синий кит" аталуының себебі- киттер теңіздің жағасына шығып қалу арқылы өледі екен. Топтың философиясы-өмір теңізінен өз еркімен шығып кетуді меңзейді. Яғни әлеуметтік желі арқылы ойынға кірген ойыншыға 50 тапсырма беріп, оны ыждағатпен орындауға шақырып, жасөспірім жастағы баланың еліктегіш, білуге құмар, сенгіштігін пайдаланып, өз ойларын іске асырады. Яғни оның ішінде тамыр кесу, қолына көк киттің суретін салу сияқты тапсырмалар орындалуы тиіс. Финалдық тапсырма өз өмірін қию әрекеті міндетті түрде орындалуы керек,егер орындалмаса ата-анасын, туыстарын өлтіретінін айтып қорқытады екен. Бұдан баланың немен айналысып жүргенін, кіммен жүргенін,компъютерде қандай ойын ойнап отырғанын, қанша уақыт отырғанын, ойнап отырған ойын балаға лайық па, виртуалды ойын оған қажет пе, соны бақылау керектігі айтпаса да түсінікті.
Айта кетер болсақ, ҚР Бас прокуратурасының статистикасы бойынша 2016 жылға қарағанда
2017 жылы 20 қылмыс тіркелгенін,оның 42 пайызға (14жағдайға) артқанын айтқан. Бұл оқиғалардың осы ойын арқылы ма, жоқ па, әлі белгісіз, дәлелденбегенін айтады. Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті портал тілшісіне бұл әлеуметтік желінің басқа елдерде орналасқанын, оны бұғаттаумен айналысатынын айтқан. Ата-аналарға балалардың виртуалды өміріне бақылау орнатуына кеңес берген. Мен ата-ана, әрі 155 мектептің пе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: