Жағымды көңіл-күй қалыптастырайық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

дагог-психологы ретінде балаларыңызға қандай жағдайда да оны жақсы көретініңізді жиі айтып, үнемі қолдайтыныңызды білдіріңіз, өз ойын ашық айтып сырласуға шақырыңыз. Бірге серуендеуге шығып, бірге кино,телехабарларды көріп, оны бірге талқылау тәсілін қолданыңыз. Ой- пікірін тыңдап,оған кеңес беріп отырыңыз. Балаңызға сенім артыңыз, кішкентай жетістігін мақтап, қолдаңыз,баланың өзіндік бағасын қалыптасуына ықпал етіңіз,кейбір отбасылық мәселелер жайлы балаңызбен ойласыңыз.
Балалардың алдағы мақсаттары мен, айналысатын істері жайлы білу үшін сынып жетекшілермен бірге 4-5-6 сыныптардан "Аяқталмаған сөйлем" әдісін қолдана отырып жазба жұмыстар алынды. Жағымды көңіл-күй қалыптастыру үшін тренингтер жүргізілді. Тренинг ережесі: өз ойын айту,өзгелердің пікірін құрметтеу,белсенді әрекет ету. Тренингтер "Жылы жүрек", "Мимика", "Достық аспаны" деп аталады. Бұл жұмыстар келеңсіздіктің алдын алуға көмектеседі, әйтсе де ата-ана балаңыз көп уақытын сізбен бірге өткізеді емес пе? Сондықтан сіздер мен біздер бірлесе жұмыс жасасақ, "жұмыла көтерген жүк жеңіл болады" .
Жақсы ойлар ойлап,жақсы сөздер айтып санамызды рухани тазартып отырайық! Балаларымызды келеңсіз жағдайлардан сақтайық! Өзімізді, өзгені жақсы көрейік!
Есіңізде болсын! "Балаңыз теріс қылықтар жасап,махаббатқа лайық болмаған кезде аса зәру болатыны-сіздің махаббатыңыз, сіздің мейіріміңіз" деген поляк педагогы, жазушы Януш Корчак.



Алматы қаласы
155 ЖББМ КММ педагог-психологы
Есенбекова Анипа Абдихадирқызы








ӘУЕЗОВ АУДАНЫ

155 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП









ЕСЕНБЕКОВА АНИПА АБДИХАДИРҚЫЗЫ




Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: