Жайлау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Пәні: Ана тілі Сыныбы: 1 Күні:12. 05. 2015.
Сабақтың аты
Жайлау
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
1. Жайлау туралы ақпарат беру
2. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету
3. Таза, әдемі жазуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже

1. Жайлау туралы ақпарат алады
2. Өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді
3. Таза, әдемі жазады.
Негізгі идеялар
Мәтінді оқу. Жұмбақ шешу. Постер дайындау. Сәйкестендіру кестесін толтыру.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс "Постер дайындау"
Тапсырмалар
Жұптық жұмыс "Ойлан, жұптас!"
Тапсырмалар
Жеке жұмыс "Сәйкестендіру кестесі"

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру ( 2 минут)
1. 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (Сергіту сәті)
1. 2. Топқа бөлу (Маусым, шілде, тамыз сөздері жазылған парақшалар арқылы үш топқа бөліну. )
ІІ. "Бірге талқылайық" 5 минут
Балалар күн жылынып көктем шыққанда малдар қайда шығады?
- Далаға, өріске, жайлауға шығады.
- Жайлау дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ол несімен ерекшеленеді??
- Онда қандай жануарлар жайылады?
"Қарлы кесек" ойыны Жұмбақ шешу.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (Қой)
2. Үстінде екі тауы бар
Кезікті бір жануар (Түйе)
3. Өзі сұлу, өзі жүйрік
Жарысады желменен (Жылқы)
4. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Бірақ сақалы тағы бар (Ешкі)
Дұрыс тапқан оқушыларды мадақтау арқылы бағалау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мағынаны тану.
1. Тақтадан слайд көресту.
Берілген Жайлау слайды бойынша оқушылар әңгімелейді.
2. Мұғалімнің Жайлау туралы кіріспе әңгімесі.
3. Оқулықпен жұмыс.
"Жайлауда" мәтінін мәнерлеп оқу.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: