Жай бөлшектерді салыстыру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Бүгінгі таңда жас ұрпаққа әрбір жеке пәндерді тиімді ұғындырудың жолы жаңа технология негіздерін пайдалану болып табылады. Мектепте математика пәні оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше роль атқаратын пәндердің бірі. Қазіргі уақытта сабақ тиімділігін арттыруда жаңа ақпараттық технологиялар қолданылады. Мұндай технологияларды қолданудың маңызы өте зор, себебі оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға , танымдық белсенділігін арттыру , пәнге деген қызығушылығын арттыруға жағдай жасайды. Осыған байланысты мен сіздерге 5 сыныпта өткізілген "Жай бөлшектерді салыстыру" тақырыбына өткізген ашық сабақ жоспарымды ұсынып отырмын.
Мақсаты:
Білімділік.
а) Натурал сандарды салыстыруды, жай бөлшектерді сандық сәуледе кескіндеуді, бөлімдері әр түрлі бөлшектерді ортақ бөлімге келтіруді және аралас сандарды қайталау.
ә) бөлімдері әр түрлі бөлшектерді салыстыра және оны жаза білу
б) бөлшектерді сандық сәуледе салыстыру
Дамытушылық.
Оқушылардың материалды есте сақтауын, анықтама мен ережелерді толық түсініп, талдай білу қабілетін жетілдіру. Осы ережелерді дұрыс қолданып жай бөлшектерді салыстыруды жетік меңгеруін дамыту.
Тәрбиелік.
Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: ұжымдық, жекеше
Сабақты оқыту әдісі: деңгейлік оқыту
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: үлестірмелі крточкалар, оқушылар тізімі жазылған плакат,түрлі-түсті фишкалар, бөліктерге бөлінген дөңгелектер, кестелер.
Сабақтың барысы:
І кезең. Тірек тапсырмалары.
Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындау.
Сұрақтар:
1. Жай бөлшектің алымының және бөлімінің мағынасы қандай?
2. Жай бөлшек дұрыс,ал қандай бөлшек бұ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: