Тақырыбы: "Жауапты сәттер".
Күні: 15. 04. 2016.
Қатысушылар: 9-сынып.
Мақсаты: қатысушылардың өзін-өзі ашу, өзін тану. "Мен концепциясының" айқындалуы, өзінің және айналасындағы адамдардың психологиялық сипаттамаларын анықтай және талдай алуын дамыту.
Құрал-жабдықтар: А4 қағаздары, түрлі-түсті маркерлер, плакаттар.
Сабақтың барысы:
Психолог: айналамыздағы басқа адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау, әр ертеңгі күнімізге нақ сеніммен қарау, жақсы игі істерге әр уақытта ризашылығымызды білдіруміз керек.
1. Психологиялық жаттығу "Комплимент"
Жүргізуші допты екінші бір қатысушыға комплимент айтып береді. Допты алған қатысушы, келесі қатысушыға комплимент айта лақтырады. Комплимент қысқа да нұсқа, бір ғана сөзден тұру керек. Т. б.
Психолог: Рахмет, балалар, енді топқа бөлінейік, ол үшін алдарыңыздағы түстерді таңдаңыздар. Көк түстілер 1 топ, сары түстілері 2 топ.
Оқушылар түрлі түсті конфеттерді тандау арқылы 2 топқа бөлінеді.
2. Екі топқа тапсырма:
1-топқа: Нағыз адамдық қасиеттерді бейнелеңіздер.
Мысалы: Нағыз адами қасиеттер, яғни нағыз адам болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер ең басты, ең маңызды болу керек деп ойлайсыңдар?
2-топқа: Мен концепциясын айқындаңыздар.
Мысалы: Мен кіммің?, Қазіргі қоғамның қойып отырған талабына саймын ба? Болашақ өмір жолымды айқындай алдым ба? Алға қойған мақсаттарыңыз қандай? Өзіңіздің болашаққа қойған жоспарларыңыз? Үш тұғырлы тіл туралы?
Осы тапсырма бойынша оқушылар постер қорғайды.
3. Оқушылармен ой бөлісу.
1. Ал, кім өзін жақсы біледі? 2. Өздеріңіздегілердің барлығы өзіне ұнайма? 3. Сен өзіңді басқалардан қандай айырмашылығым бар деп ойлайсың? Өзіңді білу керек пе? Құрметті де, сыйлы адам атану үшін өзіңе қанда
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>