Құжатты баспадан шығару. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

е ауысу Келесі бет және Алдыңғы бет батырмаларымен жүзеге асырылады.
Алдын ала қарау терезесінен құжатты тікелей принтерге басып шығаруға жіберуге болады. Ол үшін Басып шығару батырмасы қарастырылған.


Алдын ала қарау режимінен шығу және құжатпен жұмыс істеу режиміне қайта оралу Алдын ала қарау терезесін жабу батырмасы көмегімен орындалады.
Басып шығару
Дайын құжатты мұқият қарап шыққаннан кейін оны қағазға басып шығаруға болады. Тез басып шығару бұйрығы құжатты бірден принтерге жөнелтеді. Басып шығару параметрлерін баптау үшін Басып шығару бұйрығын қолданады (60-сурет ).
Басып шығару сұхбаттық терезесінде көрсетілетіндер:
1) құжатты басып шығарғыларың келетін принтердің аты. Үй жағдайында бұл бір принтер болуы мүмкін. Ал сендердің сыныптарыңда принтерлер бірнешеу болуы мүмкін: мысалы, суреттерді басып шығаруға арналған түрлі
түсті бүріккіш принтер және құжаттарды шығаруға арналған қарааң лазерлік принтер;
2) беттердің басып шығарылатын нөмірлері. Сендерге келесі өрістердің бірін таңдау ұсынылады:
:: барлығы - құжатты түгел басып шығару үшін;
:: ағымдағы - принтерге тек ағымдағы, яғни меңзер орналасқан бет қана жіберіледі;
:: нөмірлер - басып шығарылатын беттердің нөмірлері көрсетіледі. Егер беттерді
таңдап басатын болсаңдар, онда беттердің нөмірлерін үтір немесе дефис арқылы
көрсетесіңдер. Мысалы, 5-10 (бесіншіден оныншыға дейінгі) беттер немесе 5,10
(бесінші және оныншы ғана) беттер. Араластырып көрсетуге де болады, мысалы, 2
4, 6 (екінші, үшінші, төртінші және алтыншы беттер);

3) парақтың екі жақ бетіне басу үшін Басуға шығару ажыратқышын қолданған
ыңғайлы. Алдымен Тақ санды беттерді таңдап, құжатты басып шығарамыз. Одан
кейін парақтарды аударып, қайтадан Басып шығару бұй

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: