Құжатты баспадан шығару. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

>


Ернеулердің (Поля) батырмасы жоғарғы, төменгі, сол жақтағы немесе оң жақтағы ернеулердің мөлшерлерін таңдауға мүмкіндік береді (56-сурет ).


Егер құжатты парақтың екі жақ бетіне басу және соңынан тігу керек болса, онда Айналық ернеулерді қосады және тігу үшін ернеулердің бірін кеңейтеді. Бұл жағдайда ернеулердің Сол жақ және Оң жақ атаулары сөйкесінше Ішкі және Сыртқы болып өзгереді.
Беттің терілу бағытымен (кітаптың немесе альбомдық) және қағаздың мөлшерімен сендер бұрыннан таныссыңдар.
Мәтіндік құжаттағы емле қателерін тексеру
Мәтіндік процессор құжаттың грамматикасы мен орфографиясын автоматты түрде тексеру мүмкіндігін тудырады (орыс, ағылшын т. б. тілдерде осындай мүмкіндік бар). Дұрыс енгізілмеген немесе белгісіз сөздердің асты қызыл толқынды сызықпен сызылады. Синтаксистік қателері бар фрагменттердің асты жасыл сызықпен сызылады.
Сөзді түзету үшін оған меңзерді апарып, тінтуірдің оң жақ батырмасымен жанама мәзірді шақырса және қатені түзету үлгісін таңдаса, жеткілікті.
Құжаттың толықтай қатесін тексеру үшін Ғ7 басу керек. Бұл жағдайда егер қате табылса, онда сұхбаттық терезе шығады да, соның ішінде мәтіндік процессор тапқан қателерді түзетуге немесе өткізіп жіберуге болады (57-сурет ).

Құжатты басып шығару өлшемдерін баптау
Құжат құрудың соңғы қадамы оның қағаздағы көшірмесін алу болып табылады. Ол үшін "Office" батырмасы Басып шығару бұйрықтар блогы жауап береді. Құжатты басып шығару кезеңдерін қарастырайық, оның алғашқыларының бірі Алдын ала қарау бұйрығы (58-сурет).
Алдын ала қараудың негізгі қызметі - басылып шығатын беттердің қағазда қандай түрде болатынын көрсету. ( 59-сурет ).
Алдын ала қарау терезесінде беттің параметрлерін баптауға болады.
Беттен бетк

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: