Жақсылық пен жаным дос панорамалық сабақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Мектеп 183 Мерзімі 20. 11. 2015ж 7
Тақырып Жақсылықпен жаным дос
Құндылықдұрыс іс-әрекетҚасиеттер адалдық, мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық.
МұғалімАбдрахманова Алтынай Сыныбы 5 «б»Оқушылар саны 18
Мақсаты:
Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.
Міндеттері:
оқушылардың «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту;
оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;
оқушыларды риясыз жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер)
Оқулық, дәптер, күнделік,
слайд,
видеоролик.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: