Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз жарым ырыс.
Сабақтың мақсаты: Бата туралы түсінік беру. Қонақ күтуге үйрету.
Балаларды әдептілікке,мейірілімділікке,кішіпейілділікке,имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,мақал-мателдер,ұлағаттық сөздер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері. Балалар бір-біріне жылы лебіздер айтады.
Бата түсінік. Кіріспе әңгіме. Ертеден келе жатқан тамаша салт-дәстүріміздің бір түрі-бата. Бата беру дәстүрі шығыс халық арасында сонын ішінде қазақтарда кең тараған. Әдетте бата беру үлкен қария ақсақалдарының жолы үлкен адамдарының құдайы қонаққа берілген. Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді деген мақал бар. Бүгінгі күнге дейін осындай жақсы дәстүріміз әлі де жалғасын тауып келе жатыр.
Бата түрлері:сәбиге берілетін бата,ұл балаға берілетін бата,қыз балаға берілетін бата,тұсау кесерде айтатын бата,үй иесіне берілетін бата,тойда берілетін бата,әскерге шығарып салу батасы,дастарханға берілетін бата,жас жұбайларға берілетін бата,көшкенде берілетін бата,соғым сойғанда берілетін бата,жарапазан батасы,наурызға берілетін бата,жаңа туған айға берілетін бата.
(Әр бір батаны оқып,мазмұны анықталады)
Көрініс:
"Қонақ күту"
Тәрбиеші:Балалар!қараңдар,бізге қонақтар келе жатыр біз оларға жол берейік әрі амандасайық.
Ұлдар(қолдарын ұсынады)
-Ассалаумағалейкүм-деп атамен амандасады.
-Амансызба апа деп амандасады.
Балалар:Апа,ата төрге шығыңыздар-деп көрпеше төсеп,төрден орын ұсынады.
Апа мен ата:Рахмет қарақтарым өркендерін өссін!
Балаларым сендер өнерлі балалар сияқтысыңдар. Қане өнерлеріңді көрейік.
1 бала:Ата менің әмәнда,
Кішіпейіл бол деген
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
2 бала:Алдын үлкен кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
Страницы: 1 | 2 > >>