Жақсы сөз-жарым ырыс

Страницы: <<  <  1 | 2


Жөніменен кішілік,
Әдеп пенен қол берем.
3 бала:Сәлем берсем иіліп
Сәлеміне сүйініп,
Атам жақсы көреді,
Ақ батасын береді.
4 бала:Әдептілік белгісі
Иіліп сәлем бергені.
Ата:О!Бәрекелді!Өнерлі балалар екенсіңдер. Енді сендерге жұмбақ жасырайын.
1. Дәмдә-дәмді тағамдарды жинайды
Қонақтарды көніліне сыйлайды. (Дастархан)
2. Ерінбей еңбек еткен
Онсыз тамақ ішпеген. (Қасық)
3. Үсті тас,асты тас
Ортасында піскен ас. (Таба нан)
Ата:Балалар жұмбақтарды жақсы шешеді екенсіңдер.
Тәрбиеші:Балалар енді ата мен апаны дастарханға шақырайық. Алдымен қолға су құяйық.
(Бала табақ ұсынады),(Ата табаққа бата береді)

Бата:
Дастарқанға береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандақ берсін,
Дендеріңе саулақ берсін.
(Тамақ желініп болған соң табақ алуға рұқсат сұрайды. Ата бата береді)
Ата:Балаларым сендер өнерлі де,әдепті балалар екенсіңдер. Ата-аналарыңада көмектесіп жүрген шығарсыңдар.
Сергіту жаттығуына байланысты тақпақ айтылады.
Алып ата күрегін,
Ала қарын күредім. (Қимылмен көрсеті)
Апама мен құдықтан,
Суын әкеп беремін,
Еденді де жуамын,
Шаң тозаңды қуамын.
Ата мен апа:Ой бәрекелді балаларым ата-аналарыңа жақсы көмектеседі екенсіңдер ризамыз. Ал енді без үйімізге қайтайық. Қош сау болыңдар!




Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: