Жақсы деген немене,жаман деген немене

Страницы: 1

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: "Жақсы деген немене, жаман деген немене" (өлең)
Мақсаты: Қалай істеуге болады және қалай істеуге болмайтынын, жақсы деген немене,жаман деген немене дегенді түсінуге мүмкіндік туғызу. Әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.
Сөздік жұмыс: еңбексүйгіш,жақсы,жаман.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады,
Солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде орыс ақыны Владимир Маяковскийдің "Жақсы деген немене,жаман деген немене" өлең шумағымен танысамыз.
Өлең шумақтарын мәнерлі, мағыналы оқып,мазмұнын ашу,түсіндіру.
Ойын арқылы балалардың ой-пікірлерін сұрақ-жауап арқылы жетелеу.
"Мен қандаймын?" ойыны.
Мақсаты: адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту. Ойын барысы: балалар шеңберге тұрып, бір-біріне допты беріп, адам бойындағы жақсы қасиеттерді айтады.
Мысалы:
-Медет,сен жақсы баласың,т. б.




Тыңдайды.





Ойын ойналады.
Балалар қызығушылық,
тапқырлық танытады.
Рефлексиялық-
түзетушілік
-"Жақсы"деген сөзді қалай түсінесің?
-"Жаман"деген сөзді қалай түсінесің?
-Еңбексүйгіш баланы қалай атайды?
Балалар жауап береді.





Страницы: 1
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: