Жасөспірім және темекі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

е тәуелді болмас үшін салауатты өмір салтын таңдайды, олар қатері ісікпен ешкім ауырғысы келмейді. Ал біздің елде жоғарыда айтылған мәселе керісінше, темекінің адам ағзасына қаншалықты зиянды екенін біле тұра, өз денсаулықтарына салғырт қарайды. Дегенмен салауатты өмір салтын ұстанатындар бар.
Темекі - адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ол сіздің ағзаңызды ғана улап қоймайды, айналаңыздардың денсаулығынада зиян келтіреді. Егер әкесі үйде темекі тартса, онда балада 90 пайыздай демікпе ауруы пайда болуы мүмкін. Бала ата – анасымен бірге ұйықтайтын болса, әкесінен шыққан темекі иісі бала ағзасының қорғаныс қабілетін төмендетеді. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млиард адам темекі шегеді. Ал Қазақстанда қазіргі уақытта 5 млн жуық адам темекі шегеді.
Темекінің түтіні көліктер шығаратын зиянды заттардан 4 есе артық зияны бар, сонымен қатар бір шылым адам өмірін 12 минутқа кемітеді, темекі тартатын адамның өкпесі темекінің түтінен қарамайға ұқсап кетеді. Егер адам 15 жасынан бастап темекі тартса, өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасынан темекі тарта бастаған адамдар 5 есе көп өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болады.
70 жыл бойы адамның жүрегі 2575 миллион рет соғады. Темекі шеккеннен кейін жүректің соғуы жиілеп, жұмыс істеуі жылдамдайды. Егер адам күніне 20 тал темекі тартса, жүрегі 10 сағат бойына жиілей соғуымен жұмыс істейді. Сондықтан оның жүрегі 70 жылдық 2575 миллион рет соғуды одан қысқа уақытта соғып бітіреді. Яғни, шылым шегетін адамның өмірі қысқа болады.





Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: