Жас тілші

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21  >  >>

да асырып жазсаң хабар ұзын, жасырып жазсаң хабар қысқа, болғанды шынның өзін ғана жазсаң табылмайтын хабар сол. Бірақ шында да шын бар, "болды" екен деп шынның бәрін хабар қылып жазуға болмайды.
Газетке қандай әңгіменің жайынан жазу керек екендігін газет оқып жүрген, әлеумет ісіне араласып жүрген азаматтардың, әсіресе тілшілер, білуіне керек. Көптің үлгі алатын пайдалы, кепке кесел тиетін зиянды болу жағын, хабарды қазбастан бұрын, салмақтау керек. Асса бір-ақ ауыл, қалса екі кісінің арасынан шығып маңызы да содан аспайтын болса, ондай әңгіме әлеуметтің үлгі алуына жарамайды. Оны хабар деп жазбау лайық. Тілші. шын мағынада тілші боламын десе, әлеуметшіл болсын. Әлеумет қайғысына жылап, қызығына күлмеген тілші әлеуметшіл де, тілші де емес, ондайлар кеңес өкіметінің кедергісі, жауы ғана. Ел ішінде жаңа тұрмыс орнатуға көмекші, жетекші болатын -- тілші. Тілші хабарды азғантай болса да, бас пайдасына бұрып жазса, қалтасын ойлап халық атынан кооператив ашып, оны саудаға бұрған залымдардан бағасы артық емес. Бұл тілшіліктің ішкі шарты. Сыртқы шартқа келгенде, қандай хабар жазса да, тыянақты болу үшін, мынау алты сұрақ естеріңде болсын:
1) Қайда, 2) қашан, 3) кім, 4) не, 5) қалай және 6) неге. Бұл алты сұраудың бірі хабарсыз қалса, хабар -- шала. Мәселен, бір мұғалім: "ноябрьдің 10 нан мектеп ашып. . . " дегенде, қай ауылда ашқандығын жазбаса, хабар толық бола ма? Екінші: бір тілші: "біздің елдегі кооператив басқармасына қайтадан сайлау болып, мүшелеріне. . . " деп аяқтатса да сайлаудың қашан болғанын айтпағаны хабарды ақсатып тұр. Осы күнгі жазып жүрген тілшілердің көбінде анау алты сұраудың біреуі түгіл үшеу-төртеуіне жауап бермей, сыдыртып өтетін әдет бар. Мәселен, "биылғы сайлау талассыз өтті, болатком, ауылаткомдердің баяндам

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: