Жас тілші

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>

француз тіліндегі "journal" сөзінен шыққан. Бұл - "күнделік", "журнал" деген мағынаны білдіреді. Ағылшын тілінде осыған ұқсас "journalism", неміс тілінде "Journalistik" деген сөздер бар. Ел аузында журналист мамандығын "екінші көне" мамандық деп атау қалыптасқан. Сөздің жаны бар, себебі Ежелгі Рим мен Грекия жерінде "журналистер" - шешендер, жаршылар мен хабаршылар бар болатын. Олар патша жарлығын халыққа жеткізу үшін қызмет ететін. Ежелгі Египеттегі перғауындар сарайында папирустан оралған газеттердің шығып тұрғандығы белгілі. Рим жерінде Юлий Цезарьдың айтқандары бірнеше дана болып жазылып, халыққа таратылғандығы да тарих беттерінде айтылады.

Нағыз репортерлік қызметті француздар дамытты. Олар алғашында қала көшелеріне жиналып, Париж жаңалықтарымен бөлісетін, кейіннен олардың арасынан жаңалық таратумен арнайы айналысатын адамдар бөлініп шыға бастады. Ең алғашқы "журналистерді" бай париждіктер арнайы шақыртып, ақпарат сұрайтын болған.
Ал нағыз журналистика баспа үйлері ашылып, кітап басып шығару үрдісі дамығаннан кейін пайда болды. Алғашқы газеттерде саудагерлер және олардың тауарлары, сауда жолдары, тауар бағасы жазылатын еді.
Қазақ баспасөзі ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысы аралығында қалыптасты. Қазақ баспасөзінің де халықтың саяси ой - пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсері болды. Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт - насихат саласындағы қызметі жөніндегі А. Байтұрсыновтың: "Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды" (Қазақ, 1898, 10) деуі, газеттің әлеуметтік - қоғамдық өмір саласындағы алатын орнын, қызметін нақты бағалаудан

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: