Жас маманмен жұмыс

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз.
2. Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз.
3. Оқу матералын талдаңыз.
4. Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз. Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар еді деген сауалға жауап беріңіз.
5. Сынып ұжымын, жеке оқушыларды елестетіңіз, олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.
6. Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап алыңыз.
7. Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып, сабақтағы өзіңіздің іс-әрекетіңізді анықтаңыз.
8. Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.
9. Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.
10. Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.
11. Өзіңізді тексеріңіз.
а/ сабақта қандай деректер, жалпы түсініктер,себеп-салдарлық байланыстар болу керек;
ә/берілген сабақта қандай білім қалыптасады;
б/ қандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және эстетикалық бағалауларды қалыптастыру керек;
в/ берілген материалды оқу барысында оқушылардың бойында қандай сезім-күй тудыру керек.

1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын /жиһаздың дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін,
ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.
Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық оқушының ұйымдаса қарсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жүгіртіп, әсіресе тәртібі нашар оқушыларға міндетті түрде көз салыңыз. Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз
2. Сынып жорналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: