Жас мамандарға

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр" - деген болатын.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. . . Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген. Міне, осындай міндеттерді алға тарта отырып жас мамандарға көмек:
1. Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
2. Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.
3. Өзіңіздің білім қорыңызды қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т. б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.
4. Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сөз емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.
5. Әрқашан сабаққа қосымша артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа "запасымен" әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.
6. Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.
7. Әділеттілік "кодексін" сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.
Мұғалім болу- үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп т

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: