Жас мұғалімдерге арналған «Жеке тұлға және маман» атты тренингі
Мақсаты :
Мұғалімнің әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалана білуін дамыту.
Мұғалімнің кәсіптік деңгейін байқау және дамыту.
Мұғалімнің кәсіптік –педагогикалық ерекшеліктерін және эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуіне жаттықтыру.
Өткізілген мерзімі: 12. 11. 2008
Қатысқаны: 15
Жүргізушілер: педагог-психолог Иманалиева Ж. М
Қосбергенова А. Т
Қажетті материалдар мен көрнекіліктер: кестелер, үлестірмелі қағаздар, доп, тест сұрақтары.
Өткізілу әдісі: тренинг, тест әдістемесі, жаттығу.
Тренингті жүргізу барысы:
І. Ұйымдастыру. (жүргізілетін орынды дайындау, тренингтің өтілу барысын түсіндіру).
ІІ. «Танысу» тренингі.
Қатысушылар бір –біріне доп лақтырып аттарын сұрасады, содан кейін, өзін табиғат құбылысымен теңейді. Мысалы: Менің атым . . . . . . . , мен көктем сияқты шуақтымын.
Қатысушылар бір –біріне кезек доп лақтырып, бір –бірінен бүгінгі көңіл –күйлерін сұрасады.
ІІІ. Вербалды қарым қатынасқа түсуге байланысты эмоциялық жаттығу.
«Сәлемдесу»
Қатысушыларға оқушылармен сәлемдесудің 10 түрлі эмоциямен айтылу ұсынылады.
Қатысушыларға карточка таратылады.
Карточкалардағы сөздер:
қорқынышпен
шын көңілмен
қуанышпен
қанағаттанбай сәлемдесу
беделді сәлемдесу
таңғалып сәлемдесу
кінәлап сәлемдесу
селқос сәлемдесу
келемехдеп немесе әзілдеп сәлемдесу
ренішпен сәлемдесу
Жаттығу. Мына сөйлемді әртүрлі эмоцияда , дауыс ырғағы
мен айтып көріңіз.
«Қоян көжегін тастап кетіпті»
Қатысушыларға карточка таратылады.
сыбырмен
қатты дауыспен
толқындап
қатты тоңып тұрған тәрізді
сіздің ұртыңызда ыстық картошка тұрғандай
кішкентай қыз
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>