Жарқын болашаққа нық қадам

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

қ консультациялық-кеңесші орган -- Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды ма? /иә/

5. Шығармашылық тапсырма
І-топ: "Мен тәуелсіз ел ұланымын" эссе жазу
ІІ-топ: "Отаным" өлең шығару - синквейн
ІІІ-топ: "Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" патриоттық тақырыпта мәтінін құрау, ән айту
Қортынынды: Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсізідікке қол жеткізгеннен гөрі , оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл-әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан - жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген, тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен , өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн
Күтілетін нәтиже: "Қазақстан -2050" стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы мәңгілік ел-идеясының маңызын түсінді, бірлікті, ел тарихын білуді, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуді, отанымыздың байлығын қорғауды үйренді. Білімді ұрпақ болуға, татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау қиынның қиыны. Ең алдымен, өзгеге үлгі болу үшін өз ішімізді ретке келтіруіміз қажет. Жік-жікке бөлінбей, бірлігіміздің беріктігі басқа да ұлт өкілдерін бауырымызға тартуда үлгі болмақ.





Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: