Технологиялық карта
Күні :
Білім беру саласы: "Таным"
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы:Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Мақсаты: Қандай жыл мезгілдері бар екенін еске түсіру. Осы мезгілдердегі өзгерістер туралы естеріне түсіру. Қай мезгілде қалай киінетіндерін еске түсіру.
Билингвистикалық бөлім: Жыл мезгілдері-времена года-seasons
Іс - әрекет кезеңі
Сабақ барысы
Жағымды
Ескеру
Мотивациялық - қозғаушылық
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айқызады.
Армысың, асыл күн!
Армысың ,көк аспан!
Армысың , жан досым!
Міне ,менің қолым.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Біздер балалар бүгінгі сабақта жыл мезгілдері туралы сөз қозғаймыз.
-Жыл мезгілдері дегеніміз не?
Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
-Олардың айырмашылығы неде?
-Әр жыл мезгілдерінде қандай өзгерістер болады?
Әр жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар жасыру.
Қолы жоқ,сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. "Аяз"
Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы,коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? "Қыс"
Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен,
Жаңбырлатып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? "Көктем"
"Қызыл қырман" ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? "Күз"
"Керісінше айт" дидактикалық ойын.
Жазда жылы, ал қыста. . . "суық"
Жазда күн ұзақ, ал түн. . . "қысқа"
Қыста күн қысқа, ал түн. . . "ұзақ"
Сергіту сәті.
Тапсырмалар
1 Қандай жыл мезгілдері бар? Әңгімеле.
2 Көктем мезгіліне тән құбылысты тап. Белгіле. Осы мезгілдегі өзгерістер туралы әңгімеле.
3
Балалар жылдың қай ме
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>