26. 09. 2016
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік бөліктері
Сабақтың мақсаты: өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;
қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.
Дамытушылығы: Тәжірибе жұмысын жасата отырып, оқушылардың
теориялық білімдерін іс жүзінде көрсету.
Корр. мақсаты: Сөздік қорын, сөйлеу тілін, тіл байлығын дамыту
Тәрбиелігі: Табиғат атаулыны сүйе білуге,өсімдіктерді күтіп,
баптай білуге баулу.
Көрнекілігі: тұқым, стакан, су, мақта
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Жаңа сабақ
Кіріспе: Біздің айналамызды қоршап тұрған не?
Бөлме өсімдіктері біздің сыныбымызда бар ма?
Олар не үшін қажет?
Жаңа сабақ: Біз бүгін осы өсімдік бөліктерімен танысамыз
Өсімдік бөліктері -- тамыр,сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым.
Суретпен жұмыс:
Оқулықтағы өсімдік бөлік - тері бейнеленген суреттерге қарауды ұсыныңыз. Оқушылардан бұл өсімдіктерді бұрын қай жерден көргенін және оның бөліктерін атап көрсетулерін сұраңыз. Олар әр суретті мұқият қарап, әр мүшенің атауын оқып немесе тыңдап, оның ерекшеліктері мен орналасуын есте сақтаулары тиіс.
тамыр.
Жеміс -- өсімдіктің бөлігі. Жемістердің пішінін, мөлшерін, түсін, сонымен қатар құрғақ немесе шырынды екенін сипаттасын.
Өсімдіктің жемісінде не бар?
Оқушылардың жауабынан кейін "Жемістің ішіндегі тұқымның саны қанша? Олардың пішіні мен мөлшері қандай?"
Мүмкіндігінше бірнеше жемісті алдын ала дайындап қойыңыз. Ортасынан жарылған жемістерді көрсетіңіз. /қызанақ,алма,қияр/
Тәжірибе жасау:
Шағын ыдысты алыңыз.
Түбіне мақта салыңыз.
Мақта ылғалданатындай, бірақ тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп, аздап су құйыңыз.
Егер тұқымдардың бетін су жауып тұрса, олар бөртеді, бірақ өнбейді, себебі су ауаның өт
Страницы: 1 | 2 > >>