Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде Жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясы онкүндігінің өтілуі
2018-2019 оқу жылының 22. 12. 2017. - 04. 01. 2018 күндері аралығында жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясының онкүндігі өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: әр ғылым саласы бойынша колледждегі мамандықтар арасында байланыс орнату.
Онкүндіктің өтілу жоспары алдын-ала құрастырылып, бекітілді.
Онкүндіктің барысында іс-шаралар жоспардағы кесте бойынша өтті:
Физика пәнінің оқытушысы Л. К. Исабекованың дайындауымен "Жаратылыстану - математика, А Ә Д және дене тәрбиесі
ғылымдары айналамызда" тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты көрсетілді. Көрсетілген іс-шараның мақсаты: білім алушыларға жаратылыстану пәндері мен математика және алғашқы әскери дайындық пен дене тәрбиесі пән сабақтарында алған білімдерін тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, болашақ мамандықтарымен де байланысты екенің түсіндіру.
Онкүндіктің ашылу салтанатында ПЦК оқытушылары туралы мәліметтер беріліп, пәндерге байланысты қызықты деректермен 206 топ білім алушысы Сикорина Снежана мен 307 топ білім алушысы Шаймуратова Динара таныстырды.
Сонымен қатар, көрермендер назарына Жаратылыстану-математика пәндер циклдік комиссия меңгерушісі және өзін-өзі тану, биология пәнінің оқытушысы Шолпан Кенесовна Турлыбековаға 106 топ білім алушысы Безмен Ирина арнау айтты және бейнеролик көрсетілді. Химия пәнінің оқытушысы Гульнар Оразалиновна Жакупбековаға 103 топ білім алушысы Караван Просковья арнау айтты және бейнеролик көрсетілді. Химия пәніне арналған тәжірибелерді 206 топ білім алушылары Непрокин Данил мен Николаенко Артем ұсынды. Химия пәніне байланысты көрсетілген қызық тәжірибелер көрермендер көңілінен шықты.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>