Жан- жағымыздағы әлем

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


МКҚК "Балауса" балабақшасы
Төлқұжат
Төлқұжат
Дидактикалық материал
"Табиғатты қорғайық"


"Жұлдыз" тобы
Тәрбиеші: Хасенова Ә. Б







Түсінік хат
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көзалдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - "Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесін табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға, қызығушылығын арттырып жауапткершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Әдістемелік нұсқаулық "Таным" білім саласы бойынша тәрбиешіге жақсы көмекші құрал болып табылады. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды бақылау арқылы үйренеді. Нұсқаулық табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
1. Табиғатта не істеуге болмайды?
2. Табиғатта не істеу керек?
3. Не жаман?
4. Не жақсы
5. Тақпақтар жаттау
6. Жұмбақтар шешу.
Дидактикалық материалым қағаздан жасалған. Табиғаттағы істеуге болмайтын іс әрекеттер екі жақты скочпен жапсырылады- бұны балалар өз қолдарымен алып жапсырады. Соның арқасында қол

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: