Орал қаласы
45 орта жалпы білім беретін мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тіл
және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бигалиева Светлана Галимжановна
Сыныбы:10 "Б"
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік - Жамбылдың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан-жақты білім беру үшін ақынның туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін таныту.
2. Дамытушылық - оқушылардың ой-өрісін дамыту, әдебиетті сүюге баулу, ақын туралы қосымша деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын ояту.
3. Тәрбиелік - адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, Отанын,өнерді сүюге баулу.
Түрі: Танымдық сабақ
Типі: Жаңа сабақты меңгеру
Көрнекіліктер: Жамбыл Жабаевтың портреті, интеративтік тақта, слайд.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
-Сәлеметсіздер ме!
Оқушылар, біздің бүгінгі өтетін сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Сондықтан әрбір айтқан сөзімізді жүрегімізбен ұғып, көңілімізге тоқып қазақ халқының ақыны Қадыр Мырза Әлише айтсақ "Тыңдай білу- ұлылық,
Тыңдата білу - даналық" деп сабағымызды бастаймыз.
2. Сынып тазалығына көңіл бөлу.
3. Кезекші оқушылармен сұрақ- жауап.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар, қазақ халқы ақын-жазушылар көп тараған халық.
- Ақын деп кімді айтады?
- Жазушы деп кімді айтады?
-Ал жырау деген - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы "жыр" сөзінен туындайды
-Жыршы деген жыр айтушы, таратушы. Осыны біле жүріңдер.
- Қазақтың қандай ақындарын білесіндер? (оқушылардың жауаптары тыңдалды).
-
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>