Жалпы микробиология. Микробиология және вирусология ілімінің даму тарихы

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>

ен кескіннің анықтылығын микровинтті шамалы бұрау арқылы (алға-артқа) реттейді. Жұмыс соңында тубусты микровинттің көмегімен көтереді. Револьверді бейтарап қалпына ауыстырып, линзадағы майды жұмсақ мақтадан тоқылған матамен сүртеді. Микроскопты ағаштан істелген қаптамаға салады немесе түсті шынылы қалпақтың астына қояды. Қараңғы өріспен жұмыс істегендеконденсордың жоғарғы линзасына тазартылған судың немесе иммерсионды майдың бір тамшысын тамызғаннан соң препаратты бекітіп, объективті іске қосып, конденсорды объективтің осіне дәл келтіреді. Осыдан кейін көз шалымындағы кескіннің анықтылығын винттер жүйесі арқылы реттейді.
Люминесцентті микроскопия. Люминесценция ұлғайтқыш оптикалық аспаптардың көмегімен байқалатын микроскопиялық объектілердің жарқырауы. Объектердің жарқырауы өзіндік (алдында бояусыз) және ретке келтірілген (үлгіні бояумен өңдегеннен кейінгі) болуы мүмкін. Көрінбейтін ультракүлгінді немесе көк күлгінді қысқа толқынды сәулелер объектіге әсер еткенде адам көзіне көрінетін ұзынырақ жарық толқыны бар люминесценция қоздырылады. Бұл қасиет люминесцентті микроскопияның негізін қалайды. Люминесцентті микроскопия үшін МЛ және Люмам серияларының микроскоптары қолданылады. МЛ-2 люминесцентті микроскобы өте күшті жарық көзінен (сынапты-кварц шамы), жарық сүзгілерінен және биологиялық микроскоптан тұрады. Жарық көзі мен микроскоп айнасының ортасында көк күлгін сүзгіш болады, қысқа толқынды жарық сәулелері препаратқа түскенде жарқырауды қоздырады. Микроскоптың окулярына сары жарық сүзгісін кигізеді. Ол көк күлгінді сәулелерді (спектрдің қысқа толқынды бөлігі) шашып, көзге көрінетін ұзын толқында сәулелерді өткізеді.
Люминесцентті микроскопияда зерттеуге алынған объектілерді арнайы бояулармен (флуорохромдармен) өңдегеннен кейін пайда болатын қосымша люминесцен

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: