ы есім деген не?
- Жалпы есім деген не?
- Кім? Кімдер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Не? Нелер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Етістік деген не?
- Зат есімнің жекеше түрі деген не?
- Зат есімнің көпше түрі деген не?
Қызығушылықты ояту
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ой толғаныс
Топтық тапсырмалар:
1 - топ: "Ішінде, сыртында" ішкі шеңберге жалқы есімдерді, сыртқы шеңберге жалпы есімдерді жазу.
Айгүл, Анар, апа, қарындас, Әсел, Айша, сіңлі, әже, ана, Мақпал, Назым, апай, Толқын, Айжан.
2 - топ: Өлең құрау, етістіктерді тауып 2 сызықпен сызу.
Анамызды сыйлаймыз,
. . . . . . . . . . . . . . . . . тыңдаймыз
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . боламыз.
3 - топ: Х кестесіне берілген сөздерді салу. (зат есім және етістік деген топтарға бөлу) Ағаш, қайың, секірді, отырды, бала, қыз, жүгірді, бота, жазды, оқушы, қоян, ойнады, байлады, сүртті.
4 - топ: Сәйкестендіру тесті.
Арыстан. . . ұлиды.
Құндыз. . шаңқылдайды
Сауысқан. . . ақырады
Бүркіт. . . қарқылдайды
Қасқыр. . . сыңсиды
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын толтыру.
Қазақ тілі
Страницы: << < 92 | 93 | 94 | 95 | 96 > >>