лден
Сөзде
Балаға
Кітапты
Мектеп
Ұстазбен
Шаңқобызды
Оқушыға
Шығармашылық жұмыс.
1. Оқушылардың өздері жұмбақ құрастырып, соның ішінен септік жалғауы жалғанған сөздерді табады. Сұрақ қояды.
2. Жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың өздеріне 5 жолды өлең шығарту.
3. "Тілім менің - тірлігімнің айғағы". Бес минуттық эссе жазу.
Деңгейлік тапсырмалар
1. Мәтіндегі зат есімдердің астын сыз.
"Жығылғанға жұдырық" дегендей, кедейлікке кәрілік қосылады. Кәрілік тұсау, кедейлік бұғау болыпты. Қарт шешен қанатсыз қыранша отырып қалыпты. Алайда ағайындарының емен - жарқын көмегіне сүйенген ол аштан өліп, көштен қалмапты. ("Шешендік сөздер" кітабынан)
2. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой.
Сандыбай қарға. . . тұзын екі қолы. . . ұстап, айна. . . қарағандай жымиып отыр. Бойында әдет пен әдепке сыя бермейтін мінез. . . болғандықтан, жынды Бижан атанған адам. (Ғ. Мүсірепов)
3. Мәтіннен көптік, септік жалғауларының астын сыз және түрін ажырат
Шеткі үйлерден қымызға жүгіретін Тезекбай, Терлікбайлар үйлерінің қасында солбырайып тұр. Сабаның даусы шықпайды. Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін. Дүрмағанбеттің де иығы түсіп кетіпті. Қолында жүгені, жылқы жаққа бара жатыр. (Ж. Аймауытов)
Мақал - мәтелдер.
І қатар.
Туған жер - алтын бесік.
ІІ қатар.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
ІІІ қатар.
Ең тәтті де, ащы да - тіл.
Тест сұрақтарына жауап беру
1. " Әке" сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А. с. С) Б. с.
В) І. с. Д) Ж. с.
2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы С) Оқушының
В) Оқушыға Д) Оқушыда
3. Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) - ны,- ні,- қы,- кі,-
Страницы: << < 66 | 67 | 68 | 69 | 70 > >>