йды.
"Күн нұрынның шапағы" ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ілтипаттыққа тәрбиелеу.
Жүргізу ережесі: күннің нұры шашырап тұрған шапағына сыпайы сөздерді жазып қормен қайталаймыз.
Түйіндеме: Жарайсыңдар, балалар! Біз күнге сыпайы, кішіпейіл, инабатты балалар екенімізді дәлелдедік. Күн сендерге алғыс білдіріп, қуанып жатырмын.
5 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
Оқушылар Ысқаққа ауызша мінездеме береді.
V. Қортынды - рефлексия кезеңі.
Сабақты "Әжеге көмек" ойыны арқылы қорытамын.
Мақсаты: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, оларға көмек көрсете білуге үйрету. Сабақты оқушыларға кызыкты етіп ойын арқылы қорыту. Алған білімдерін тексеру.
Шарты: Әже құдықтан шелекке су толтырып алған. Біз әжеге көмек көрсетіп шелекті уйіне жеткізіп беруіміз керек. Ол үшін шелек артындағы сұрақтарға толық әрі нақты жауап берулерің керек. Жауап берген оқушы шелекті әженің жанына әкеліп қоя береді.
Түйіндеме: Тамаша! Жарайсыңдар! Сендер барлық сұраққа дұрыс жауап беріңдер және әжеге көмектерің де тиді.
Сабақты бекіту.
Топтық жұмыс.
Ойын ойнату.
Ойынның аты: "Тез ойла, сөз ойла".
Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3 сөз беріледі.
1 - топ - сыйластық.
2 топ - кішіпейілділік.
3 топ - инабаттылық
Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады.
Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы. . . .
Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш. . .
Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық. . .
Бағалау.
Сабаққа белсене араласып, жаттығуларды уақытылы орындаған, ойынға қызыға араласқан және бағалау фишкасының қызылын көп жинаған оқушы
Страницы: << < 155 | 156 | 157 | 158 | 159 > >>